Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денедегі киімді бояумен айнытпай салатын суретші әлем назарына ілікті (фото)

Опубликовано:

Еуропа елдерінің көшелерінде спортпен шұғылдану қалыпты жағдайға айналған. Сол себепті өтіп бара жатқан адамдар да аса мән бере бермейді. Алайда йогамен айналысып жатқан қыздың жалаңаш екеніне көздері жеткен көпшілік қатты таңғалған деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Бір қарағанда йогамен айналысып жатқан мына бойжеткеннің жалаңаш екенін байқау мүмкін емес. Оған кәсіби суретші маманның еңбегі себепші болды. Бояулардың танымал шебері Джен Сейдель өзінің талантымен тағы да таңырқатты.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Ол жалаңаш адам денесіне киім-кешекті тым шынайы салғаны соншалық, тіпті өтіп бара жатқан адамдар мүлдем байқамай қалған.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Артынан әрбір адамға "мына қыздың жалаңаш екенін білесіз бе?" деген сауыл қойған кезде ғана көпшілік сенуден бас тартыпты.

Джен Сейдель өзінің ерекше өнерін адам көз өткірлігін тексеру мен оны визуалды түрде алдау деп санайды.

Ол әрбір кезекті жұмысын бұрынғысынан да сапалы қылып, өнерін шыңдаумен айналысады.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Дженнің өнерінің арқасында салынған кәсіби боди-арттан шынайы киімді ажырату мүмкін емес болып көрінеді. Тек қатты үңіліп қараған кезде ғана байқалады.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Суретшінің Instagram парақшасына 225 мың адам тіркелген. Оның жасап шығарған туындылары желі қолданушылар арасында тек қана жақсы пікірлерге ие.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1727242-denedegi-kiimdi-boaumen-ajnytpaj-salatyn-suretsi-lem-nazaryna-ilikti-foto/

pixel