Корей қыздары мінсіз мүсін үшін қандай құрбандыққа барады?
Жарияланған күні:
2010 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес Оңтүстік Корея пластикалық отаны ең көп жасаушы елдер қатарында көш бастап тұр. Корей қыздары әлемдік сұлулық стандарттарына сай болу мақсатында үлкен тәуекелге бел буып, мінсіз мүсін үшін жанын салуға дайын деп хабарлайды soulpost.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Корея астанасы Сеул қаласының тұрғыны Джи Йео - кәсіби фотограф. Ол өзінің "Операциядан кейінгі сұлулық" атты суреттер топтамасымен танымал болған.
Ол бет-мүсінін өзгертпек болып пластикалық ота жасатқан аруларды, операция ертесіне түсірген.
Оңтүстік Корея әйелдер қауымы мінсіз мүсін ретінде еуропалық аруларды үлгі етеді. Сол себепті, шығыстық сұлуларға ұқсау үшін олар үлкен тәуекелге бел буудан да жасқанбайды.
Алайда қатты білініп тұратын ота әсері Корей елінде жақсы пікірге ие емес. Бойжеткендер кәсіби хирургты тауып, операция нәтижесін барынша шынайы болуына үлкен мән береді.
"Бұл ер адамдармен қаржы, әйелдермен сұлулық билік еткен заман мәдениетінің көрінісі. Кореялық ер азаматтар желідегі мінсіз аруларды үлгі етіп жатқандықтан, жергілікті бойжеткендер жапа шегіп жатыр.
Ер адамдар қыдарды мінезіне қарай емес, сұлулығына қарай таңдай бастады. Сол себепті, корей қыздары түрлі ота жасатуға жүгінеді",- деп айтты фотограф.
Корей қыздары сұлулық үшін адам сенгісіз әрекеттерге барудан да тайынбаса керек.
Бір әйел омырауын үлкейтпек болып, банктен қомақты қаражатты алуға дейін барған.
Оған қоса бір ару алты айда 36 ота жасатқан оқиғалары да кездескен.
Дәстүрлі төсін үлкейту, мұрнының пішінін өзгерту, артық майларды алып тастау мен сығыр көздерді кеңейту оталарынан бөлек, корей қыздары бетін кішірейту үшін жақтарын сындырудан да қорықпайтын болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1728923-korej-kyzdary-minsiz-msin-sin-kandaj-krbandykka-barady/