Оқушылардың көзінше жыныстық қатынасқа түскен ұстаздар жаға ұстатты
Опубликовано:
Ұлыбританияда 44 жастағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Джудит Рамсдейл мен 42 жастағы химия пәнінің мұғалімі Пол Блэнд оқушылардың көзінше жыныстық қатынасқа түскендері үшін жұмыстан қуылды. Бұл туралы 360tv.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Россендейлде болған бұл жайт көпшіліктің жағасын ұстатқан. Белгілі болғандай, екі мұғалім демалыс кезінде мектеп қабырғасында жыныстық қатынасқа түспек болады.
Мектеп партасында ойын жүзеге асырып жатқан ұстаздарды сыныпқа кіріп келген оқушы көріп қойған. Ол бірден бұл жайтты өзге оқушылар мен ата-аналарына айтып береді.
Отбасылы болып шыққан екі мұғалім де кінәсін мойындамай қойғанымен, екеуінің жыныстық қатынасқа түскені бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.
Жанжалдан кейін ұстаздар жұмысынан қуылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1729081-okusylardy-kzinse-zynystyk-katynaska-tsken-stazdar-zaga-statty/