Әйгілі Джеки Чан туған қызын лесби болғаны үшін үйден қуып шыққан (фото)
Опубликовано:
Әлемге танымал актер Джеки Чанның қызы үйсіз-күйсіз далада күнелтіп жүр. Бұл туралы NUR.KZ порталы woman.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Актердің 19 жастағы қызы далада түнеуге мәжбүр екенін Youtube-ке видео жүктеу арқылы жалпақ жұртқа жария еткен.

Этта Нг есімді бойжеткен құрбысымен бірге көпір астында тұрып жатқанына бірнеше айдың жүзі болғанын айтуда.

Белгілі болғандай, бойжеткенді ата-анасы лесби болғаны үшін үйінен қуып шыққан екен. Енді 30 жастағы ғашығы Энди Отпен бірге көше кезіп жүрген ару жұрттан көмек сұрауда.


Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1729853-jgili-dzeki-can-tugan-kyzyn-lesbi-bolgany-sin-jden-kuyp-sykkan-foto/