Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынас кезіндегі қандай ыңғайсыз жағдайлар орын алады?

Опубликовано:

мужчина и женщина смеются в кровати
Фото: UGC

Бұл сұрақтың жауабын іздеген ұлыбританиялық ғалымдар арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кино әлемінде мінсіз болып көрсетілетін төсек қатынасын шын өмірде мүлдем басқаша екенін дәлелдемек болған мамандар қалың көпшіліктен сауалнама алған деп хабарлайды pohnews.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар әйелдер мен ерлер қауымы арасында жыныстық қатынас кезіндегі ыңғайсыз жағдайлар туралы жекелей қоғамдық сауалнама жүргізген.

Нәтижесінде әйелдер қауымының 58%-ын жел шығару, 37%-ын етеккір және арулардың 21%-ы төсек қатынасы кезіндегі күлкілі әңгімелерді жек көретін болып шықты.

Оған қоса кейбір бойжеткендер лоқсуға себепші ауруларды да жақатпаған. Сондай-ақ қыздардың 9%-ы секс-ойындарда өзін ыңғайсыз сезінеді.

Ал ер адамдар болса сауалнама кезінде асқан әсерлігімен ерекшеленбеген.

Олар үшін жыныстық қатынас кезіндегі ең ыңғайсыз жағдай болып ұйқының қанбауы саналды. Екінші орынға ерлер әйелдердің оргазм кезінде жылауын қойған. Ал үшінші ретте ерлер уақытсыз эякуляцияны ыңғайсыз жағдайлар қатарына қосты.

Бұл зерттеу жұмыстары шынайы өмірдегі жыныстық қатынастың мінсіз емес екенін толықтай дәлелдеп шықты.

Ғалымдар мұндай қиыншылықтарға тап болған жұптарға оған бола бастарын ауыртпай, мән бермеуге кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1730529-zynystyk-katynas-kezindegi-kandaj-ygajsyz-zagdajlar-oryn-alady/

pixel