Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар әлеуметтік желіге неліктен сурет салғанды жақсы көреді?

Опубликовано:

Психолог Алина Владова әлеуметтік желіге өз суреттерін салғанды жақсы көретін адамдардың құпиясын ашты. Оның айтуынша, адамдар осылайша жұрттың ілтипатына бөленгісі келеді екен деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Public Domain
Фото: Public Domain: UGC

Психологтың айтуынша, адамдар әлеуметтік желіге сурет жүктеп, жұрттың бағасын күтіп отырады.

"Адамдар бұған рақаттанады, уақыт өте олар соның қызығына түседі. Бұл бір тәуелділік. Олар тіпті парақшасына жазылушылар санын көбейту үшін ақша төлеуге дайын", — дейді Владова Sputnik Молдова агенттігіне берген сұхбатында.

Бұған қоса, психолог кейбір адамдардың әлеуметтік желіде басқалардың парақшасына ауық-ауық кіріп, аңдитын әдеті бар екенін атап өтті. Ол бұған әркімнің өз себебі бар екеніне сенімді.

"Мәселен, өзін-өзі төмен бағалайтын, өміріне немесе сырт келбетіне көңілі толмайтын жандар көбіне-көп басқалардың жетістікке жеткенін көре алмайды. Сондықтан әдемі, табысты, тәуелсіз адамдардың суреттері оларда тек жағымсыз эмоция тудырады. Ал кей адамдар, керісінше, өзгелердің жетістігіне қуанып, жігерленеді, шабыты оянады", — деді спикер.

Психолог әлеуметтік желідегі "лайкты" адамға айтылған мақтау сөзге теңеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1730588-adamdar-leumettik-zelige-nelikten-suret-salgandy-zaksy-kredi/

pixel