47 жастағы жапондық модель адам сенгісіз сұлулығымен әлем назарын аударды (фото)
Опубликовано:
47 жастағы жапондық модель Риса Хирако сәнді фотосессияға түсіп, түрлі брендтер жарнамасына түседі деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Риса әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жұмыс барысынан үнемі суреттер жариялап отырады.


Әлем жұртын таңғалдырған модельдің сұлу сымбаты ғана емес, оның ерекше жас көрінуі болды. Рисаның жанкүйерлері оны 20 жастан асқан бойжеткен деп ойлапты.


Риса 1971 жылы 14 ақпанда Токиода дүниеге келген. Қазір ол түрлі брендтер жарнамасы мен клиптерге түсіп, модель ретінде жұмыс істейді.

Модельдің желідегі суреттеріне қарап, оның салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі спортпен шұғылданатынын байқауға болады.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1731819-47-zastagy-zapondyk-model-adam-sengisiz-slulygymen-lem-nazaryn-audardy-foto/