Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытты болудың жеті тәсілін білесіз бе?

Опубликовано:

Психолог мамандар бақытты болуға мүмкіндік беретін жеті әрекетті назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бақыт. Көрнекі фото: Fonday.ru
Бақыт. Көрнекі фото: Fonday.ru: UGC

Мамандардың пікірінше келесі жеті әрекет сізді бақытқа жетелейді:

1. Бүгінгі күнмен өмір сүру

Болашаққа тым қатты алаңдап, өткенге өкіне беру сізді бақытты етпейтіні анық. Себебі, өткенді өзгерте алмайсыз, ал болашағыңыз әлі алда.

2. Адамдармен қарым-қатынасқа уақыт бөлуді ұмытпаңыз

Ет жақындарыңыздың сіз үшін маңызды екенін ескере отырып, олармен араласып тұрғаныңыз абзал.

3. Мейірімді болыңыз

Жұртқа жақсылық жасасаңыз, ол сізге еселеп қайтатынын байқаған шығарсыз?

4. Тұлға ретінде өзіңізді дамытып отырыңыз

5. Мақсат қойып, соған барынша талпыныңыз

6. Өмірдің мәңгілік еместігін түсініңіз

Өкінішке қарай, кез келген адам өзіне қанша күн жазылғанын дөп басып айта алмайды. Өмірдің мәңгілік еместігін түсіну сізге ненің шын мәнінде құнды екенін сезінуге мүмкіндік береді.

7. Жүрегіңіздің қалауына құлақ түріңіз

Жүрек қалауы әдетте адамдарға көп мәселенің оң шешімін ұсынады.

Қызықты жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732359-bakytty-boludy-zeti-tsilin-bilesiz-be/

pixel