Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр жұмыспен айналысу ер адамдардың денсаулығына зиянды болып шықты

Опубликовано:

1960 жылдан бастап зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар адамның еңбек қабілеті мен өлімі арасындағы байланысты анықтады. Физикалық белсенді жұмыспен айналысатын ер адамдарда өзгелерге қарағанда өлім қаупі басым деп хабарлайды Риа Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Золотое кольцо
Фото: Золотое кольцо: UGC

Британ басылымдарының мәліметінше, ауыр жұмыс ер адамдардың өмірден өтуін 18% пайызға жылдамдататын болып шықты.

Мамандар спортпен тек жұмыстан бос уақытта айналысқан пайдалы екенін айтып, дабыл қағуда. Физикалық күш түсіретін жұмыс пен спорт жаттығуларын қатар жасау ер азаматтардың ерте қайтыс болуына алып келеді.

Ал әйел адамдарға керісінше, жұмыс пен жаттығуды қатар алып жүргеннің еш зиян жоқ болып шықты.

Айта кетейік, ғалымдар 1960-2010 жылдар аралығында ауыр жұмыспен айналысатын екі мыңнан аса адамға тәжірибе жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732371-auyr-zmyspen-ajnalysu-er-adamdardy-densaulygyna-ziandy-bolyp-sykty/

pixel