Тізесі жыртық шалбарлар адам өміріне қауіпті болып шықты (фото)
Опубликовано:
Бірнеше жылдан бері трендтен түспей, арулардың сүйікті киіміне айналған жыртық шалбарлар адам денсаулығына зиянды болып шықты. Ыстық күні сән қуған бірнеше арудың аяғы күйіп қалған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бойжеткендердің барлығы әлеуметтік желідегі парақшасына күйіп қалған аяқтарының суретін салып, астына бұл қателікті қайталамау керектігін жазып қойған.

Олар: "Бұл қателікті енді қайталамаспын", "Жыртық шалбарды ұнатсаң, күн астында екі сағат тұрудың қажеті шамалы".

"Масқара, күннің ыстығында сән қуудың қажеті шамалы екен" деп жарыса жазды.

Айта кетейік, жағажай киімдерінің биылғы сәні жалаңаш тәнге түрлі-түсті скотч жабыстыру екенін мәлімдеген болатынбыз.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732374-tizesi-zyrtyk-salbarlar-adam-mirine-kauipti-bolyp-sykty-foto/