Барбиге ұқсағысы келген бойжеткен үйін қуыршақтар әлеміне айналдырып жіберді
Опубликовано:
Лос-Анджелестің Азуса Сакамото Барбиді қатты жақсы көргені соншалық өзінің үйін қуыршақтар әлеміне айналдырып жіберді. 36 жастағы ару осы үшін 70 мың долларын сарп еткен деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үйінің бәрін алқызыл түске айналдырған Азуса құрылыстың біразын өз қолымен жасаған.

Ол тіпті мұздатқышының есігіне де қуыршаққа қатысты түрлі жапсырма жабыстырып тастаған.

Азуса бүгінде 222 қуыршақты өз коллекциясына жинап қойған. Олардың жалпы құны 80 мың доллар тұрады екен.

Бойжеткеннің айтуынша, ол өмірінде қуыршақты алғаш рет 15 жасында ұстаған.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732672-barbige-ksagysy-kelgen-bojzetken-jin-kuyrsaktar-lemine-ajnaldyryp-ziberdi/