Ғалымдар жетістікке жетелейтін бес қасиетті атады
Опубликовано:
Лондон Университеттік колледждің ғалымдары адамды мансабында және жеке өмірінде жетістікке жетелейтін бес қасиетті атады. Бұл туралы NUR.KZ порталы obozrevatel.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші қасиет - таза ниеттің болуы. Бұл алдағы жоспарлардың оң болуына көмектеседі екен.
Екінші қасиет - бейімделгіштік. Мұндай қасиет күйзеліске түспей, жаңа орта мен талаптарды тез игеруге мүмкіндік береді.
Үшінші қасиет - жаңаны танып-білуге әуестік. Бұл сізге мансабыңызда артықшылықтар береді.
Төртінші қасиет - белгісіздікті қабылдай білу. Бұл да жетістікке жетудің бір мүмкіндігін ашады.
Бесінші қасиет - батылдық. Күрделі жағдайларда бәскеге қабілетті болу үшін батылдықтың да алар орны зор.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732937-galymdar-zetistikke-zetelejtin-bes-kasietti-atady/