Мұрнында тіс өсіп кеткен ару дәрігерлердің жағасын ұстатты (фото)
Опубликовано:
Ресейдің Ишим қаласында гайморитке ем қабылдап жүрген қыз мұрнында тіс өсіп кеткенін естігенде талып түсе жаздаған. Бұл туралы park72.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Дәрігер науқасқа мұрнында тіс өскенін айтқанда ол бірден сене қоймаған. ал рентген суретін көргенде қатты таңғалыпты.
Тістердің өз орнынан басқа жерде өсу құбылысы - медицинада эктопия деп аталады екен. Ол адамдардың пайызында ғана кездесетін көрінеді. Ал мұрынға шығуі тіптен сирек жағдай дейді дәрігерлер.

Мұрындағы тісті жұлып тастау үшін дәрігерлер науқасқа наркоз салып, ота жасаған. Осыдан кейін бойжеткен мұрнының бітелгені кетіп, жеңіл сезініп қалғанын айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1733401-mrnynda-tis-sip-ketken-aru-drigerlerdi-zagasyn-statty-foto/