Ашушаң әйел күйеуінің көңілдесін көптің көзінше шашынан сүйреді
Опубликовано:
Қытайдың Ханьчжун қаласында ашушаң әйел күйеуінің көңілдесін шашынан сүйреп, шу шығарды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24 мамыр күні болған бұл жайтты он шақты адам тамашалап тұрған.
"Күйеуімді жайына қалдыр дедім ғой", - деп айқайлаған әйел күйеуінің көңілдесін бетінен ұрып, шашынан сүйреуге кіріседі.
Шошып қалған күйеуі әйелін сабырға шақырмақ болады. Ол бойжеткеннің еш кінәсі жоқтығын айта бастағанда, әйелі ажырасатынын мәлімдейді.
Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734796-asusa-jel-kjeuini-kildesin-kpti-kzinse-sasynan-sjredi/