75 жастағы қария екі ай жинаған нәжісін көршісінің пошта жәшігіне төгіп тастады (фото)
Опубликовано:
Некесінің бұзылуын көршісінен көрген 75 жастағы Эссекс тұрғыны екі ай бойы жинаған нәжісін көршісінің пошта жәшігіне төгіп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джеффри Холройд-Доветон көршісі Дональд Викстен өш алу үшін нәжісін төгуге мүмкіндік беретін арнайы сорғы құрастырған.
Кейін көршісінің кетіп қалғанын күтіп, түнгі уақытта оның пошта жәшігін екі ай бойы жинаған нәжісіне толтырып кетеді.

Бұдан бөлек ол көршісінің есігі мен баспалдағын бүлдіріп тастаған.
Қарияның бұл қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалып, зейнеткер өз кінәсін мойындаған. Осылайша, ол көршісіне £4 мың өтемақы төлеуге мәжбүр болды.

Зейнеткер некесінің бұзылуын көршісінен көріп, осындай әрекетке барыпты.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734919-75-zastagy-karia-eki-aj-zinagan-nzisin-krsisini-posta-zsigine-tgip-tastady-foto/