22 жастағы бойжеткен мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандыруда
Опубликовано:
Американың Калифорния қаласында туып-өскен Индия Вестбрукс сұлулығының ерекшелігі - оның афроамерикалық тамырларының арқасы. 22 жастағы бойжеткен өзінің әлеуметтік желісіне жүктейтін әрбір суреті қыздар қауымының қызғанышы мен көреалмашылығын тудырса, ерлер тарапын естен тандырып жатады деп хабарлайды NUR.KZ.

Құрама штаттардың сән әлеміне енді ғана аяқ басып келе жатқан бойжтекен танымалдығы реалити-шоуға қатысқаннан кейін арта түскен.
Индия Вестбрукстің өзінен үлкен тағы төрт әпкесі бар. Алайда, олардың арасында ерекше сымбатты болған қыз мектеп қабырғасынан бастап ерлер қауымының қызығушылығын тудыра бастады.

Бірінен-бірі асқан сұлу әпкелі-сіңілілер өз әдемілігінің арқасында ақша табуды көздейді. Олар барлық әлеуметтік желілерге тіркеліп, ашық суреттерін жүктеу арқылы оқырмандар санын бір-бірімен жарыса көбейте түсті.

Нәтижесінде қыздардың жиналып қалған аудиториясының арқасында жергілікті арна оларға үлкен жоба ұсынады. Реалити-шоу бес әпкелі-сіңілі қыздардың өмірі жайлы қызықты мағлұмат береді.

Бұл келісімшарттан бас тарта алмаған бойжеткендер бірден өз келісімін берген.

2015 жылы экранға шыққан реалити-шоу әлі күнге дейін жақсы қаралымдарды көрсетіп жатыр.

Ал Индия Вестбрукс болса телевизия арқасында өз танымалдылығын арттырып, жұлдызды жігіттермен жүре бастады.

Бүгінге дейін ол бірқатар танымал әншілермен кездесіп үлгерген.

Көпшілік оның ерекше формалы дене сымбатына тәнті.






Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1735766-22-zastagy-bojzetken-minsiz-msinimen-erler-kauymyn-esten-tandyruda/