Ең мінсіз дене бітіміне ие әйел кім?
Опубликовано:
Ғалымдар мінсіз дене бітімінің өлшемі қандай болу керектігін анықтап, мұндай өлшемге қол жеткізе алған әйелдің есімін атады. Бұл туралы NUR.KZ порталы clutch.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар мінсіз дене бітіміне ие әйелдің өлшемдері қандай болуы керектігін анықтаған: бойы — 1,68 см, төсі — 99 см, белі — 63 см, бөксесі — 91 см.

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, мұндай дене бітіміне ие бірден бір жан - Келли Брук. Модель әрі актриса Келли Англияда дүниеге келген.

Ғалымдар ер азаматтардың дені дәл осындай өлшемдерге ие әйелдерді көрікті санайтынын айтуда. Зерттеушілер тым арық немесе тым семіз болудан аулақ болып, барынша орташа салмақты ұстап тұруға кеңес берді.





Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1736223-e-minsiz-dene-bitimine-ie-jel-kim/