Қолынан бал тамған әзірбайжандық балақай өнерімен таңдай қақтырды
Опубликовано:
Он жасар Микаил есімді әзірбайжандық балақай бейнелеу өнеріндегі ерекше қабілетімен көпшілікті тәнті етуде. Оның салған суреттері бұл саланың дүлділдерінің жоғары бағаларына ие болған деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзі әзірбайжандық болса да Түркияда тұратын бала бес жасынан бастап сурет салып келеді. Оның салған суреттеріне қарап, көпшілік оларды мектеп оқушысы салғанға сенбей жатқан оқиғалар да болып тұрған.




Қолынан бал тамған жас суретші өзінің бейнелеу өнеріндегі жетістіктерін одан сайын арттыруды көздейді. Ол танымал ұстаздардан дәріс алып, олардың тәжірибелерінен барынша хабардар болғысы келеді. Үйренуден шаршамайтын бала өз өнерін шыңдауды әркез мақсат еткен.



Сурет салуды балақай өз бетінше үйреніп алған. Өздігінен өнерін жетілдірген Микаил бүгінгі күні Түркияда аса танымалдылыққа ие.



Көпшілік он жасар баланың бейнелеу өнеріндегі қабілетіне тәнті болып отыр.






Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1738669-kolynan-bal-tamgan-zirbajzandyk-balakaj-nerimen-tadaj-kaktyrdy/