Қызылорда облысының тұрғыны ерекше жаратылған жеті мысық асырап отыр
Опубликовано:
NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Ұлжан Асылбекқызы есімді тұрғыны хат жолдаған болатын. Үй жануарларын қатты жақсы көретін ол өз үйінде ерекше жаратылған жеті мысық асырайды екен.

Ұлжанда бас-аяғы жеті мысық, екі ит бар екен. Айтуынша, мысықтардың енесін ол үй жақтағы ауладан тауып алған.
"Не ерекше екенін білмеймін - экологиядан шығар. Әйтеуір, жылда осындай бір жері кем мысық туады", - деп жазды ол өз хатында.
Ұлжан Әбдірейдің айтуынша, мысықтардың аттары да өзгеше көрінеді: Көккөз, Дони, Сони, Бэтмэн, Бомыж, Донидың ұлы.
Назарларыңызға ерекше мысықтардың суреттерін ұсынамыз.


Ұлжанның айтуынша, мына мысық қолы қисық болып туған.

Назарларыңыздағы мысықтың құйрығы иттікі секілді екен.

Ал мына мысықтардың қолдары да, құйрығы да қисық.



Осындай түрлі мысықтарды туған мына мысықтың көздері екі түрлі түсті.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1739795-kyzylorda-oblysyny-trgyny-erekse-zaratylgan-zeti-mysyk-asyrap-otyr/