Шілде айына арналған ауа райы болжамы
Опубликовано:
Шілденің басында еліміздің батысында құрғақ әрі ыстық болып қалса, қалған өңірлердің барлығында жауын-шашын болады. Бұл туралы gismeteo.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Келесі аптаның ортасынан бастап өзгерулер байқалмақ.
Батыс өңірлерде дымқыл ауа келіп, ыстықты басады, ал қалған аймақтарға нағыз жаз келеді.
Еліміздің солтүстігінде күннің жылынуы 28-35 градусқа дейін көтеріліп, оңтүстікте 43-ке дейін бармақ.
Жауын-шашын айдың екінші онкүндігінде болады. Аздап салқындау болады.
Шілденің екінші жартысында батыста ыстық болып, шығыста ауа райы салқындайды.
Ал, бүгін 30 маусым күні ыстық, Алматы қаласында ауа рауйының ысуы 28-31 градус шамасында болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1739880-silde-ajyna-arnalgan-aua-rajy-bolzamy/