Ұзақ уақыт бала көтере алмаған әйел бірден бес баланы дүниеге әкелді (фото)
Опубликовано:
Юта штатының тұрғындары Джейми мен Скайлер есейіп кеткен екі ұлына іні-қарындас сыйлау үшін ұзақ уақыт бойы емделген. Әйел аналық жұмыртқадағы кистаның көптігінен зардап шеккен деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отбасылық жұп жеті және 12 жастағы ұлдарына бауыр сыйлау үшін бірнеше жыл емделгенімен, талпыныстары нәтижесіз қала береді. Осыдан кейін қолдан ұрықтандыруға келіскен олар УДЗ арқылы жатырдағы ұрықтар санын көргенде талып түсе жаздаған.

Джейми бала көтере алғанымен, мамандар оны дүниеге аман алып келудің қауіптілігі жоғары екенін ескертеді. Әйелдің өзі жүктілік кезеңі ең қорқынышты уақыт болғанын айтып отыр.

"Жүктіліктің 18-ші аптасына жеткенде ішімде тоғыз айлық бала жатқандай үлкен болды. Дәрігер УДЗ түсіріп, онда бес бала дамып жатқанын айтты. Екі ұл мен үш қыз деп, мені құттықтады.

Содан кейін маған олардың барлығын аман-есен дүниеге алып келу қиын екенін айтты. Бірақ ғажайыптың күшімен 29-шы аптаға жеткенде толғағым басталды. Мен өте қатты қорықтым", - дейді әйел.
Абырой болғанда балалар дін аман туылып, оларға Дейзи, Кейт, Лили, Логан және Линкольн деген ат қойылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741184-zak-uakyt-bala-ktere-almagan-jel-birden-bes-balany-dniege-keldi-foto/