18 жастағы ханзада өзінің анасындай бойжеткенмен кездесіп жүр (фото)
Опубликовано:
Гарри ханзаданың орнын басқан даниялық ханзаданың басы бос емес болып шықты. 18 жастағы Николайға үмітті болып жүрген талай бойжеткеннің жүрегі жараланғаны сөзсіз. Ханзаданың таңдауы түскен ару көпшіліктің көңілінен шықпай қалды деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

5 шілде күні әлемнің ең үздік басылымдарының бас беттері даниялық ханзада туралы жаңалыққа толы болды. Ел алдына сүйіктісімен шыққан 18 жастағы Николай фотокорреспонденттердің басты нысанасына айналған.

Талай қыздың арманына айналып үлгерген Николайдың сүйіктісі бар екені оның табынушы қыздарының жүрегін жаралаған.

Көпшілік ханзаданың таңдауына іліккен арудың оған сай емес екендігін айтып әлек. Халықтың айтуынша, Николайдың қасындағы 19 жастағы бойжеткен одан әлдеқайда үлкен көрінеді.

Анықталғандай, даниялық ханзаданың ғашығы өзінің сыныптасы Бенедикт Туструп есімді қыз болып шықты. Николайдың ауқатты әрі беделді білім ошағында оқитынына қарағанда, оның сүйіктісі де қарапайым отбасыдан болмағаны анық.

"Анасы мен баласы іспетті. Николайдың таңдауы бұл қызға қалай түскен?", - деп жазып жатты көпшілік.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741438-18-zastagy-hanzada-zini-anasyndaj-bojzetkenmen-kezdesip-zr-foto/