Ащы бұрыш жеуден жарысқан қытайлықтар көпшілікті таңғалдырды
Опубликовано:
Қытайдағы Хунань елді мекенінің тұрғындары ащы бұрыш жеуден жарыс өткізді. Адам ауызын күйдіріп жіберетін көкөністі жеуге бірталай адам қатысқан деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл жарысқа қатысушылар тек қана ащы бұрышты уақытқа жеп тауысу үшін емес, сондай-ақ бұрышқа толы хауызға шомылып қайту үшін де келгендерін айтты.

Биылғы рекордтың иегері Тан Шуайхуи атты ер азамат болды. Ол минутына 50 ащы бұрыш жеп үлгерді.

Былтырғы рекорд минутына 15 бұрыш болған.

Жарыстың бұл түрі Хунань елді мекенінде тамыз айының соңыеа дейін күн ара орын алмақ. Алайда, көпшілік Танның ортанқан рекордын жаңарту мүмкін емес деп жатыр.

Ащы бұрыш жеп жарысу Қытайда сұранысқа ие шаралардың бірі. Жергілікті халық осыған ұқсас көп жерде бола бермейтін сайыс түрлерін ұнатады.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741513-asy-brys-zeuden-zaryskan-kytajlyktar-kpsilikti-tagaldyrdy/