Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмір сүруге қанша уақыт қалғанын болжап беретін қан талдауы жасалды

Опубликовано:

АҚШ-тағы Йель универсиетінің зерттеушілері адамның қан көрсеткіштеріне қарап өмір сүруіне қанша уақыт қалғанын болжап беретін тест ойлап тапты деп хабарлайды Газета.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: ТАСС/Сергей Бобылев
Көрнекі сурет: ТАСС/Сергей Бобылев: UGC

Талдау тесті адамның биологиялық жасын есептеп беруге мүмкіндік беретін тоғыз биомаркердің негізінде жасалған. Мысалы, 60 жастағы адамның ағзасы 70 жастағы адамның ағзасындай болуы бек мүмкін екен. Тест тез қартайып бара жатқан адамдарды да анықтап бере алады.

Тестті құрастыру үшін ғалымдар лейкоциттер саны, глюкоза мен альбумин ақуызының деңгейі бар 42 түрлі көрсеткіштерді зерттеген. Зерттеулер нәтижесі арнайы жүрігізілген 10 мың адамның қатысуымен өткен эксперимент арқасында алынды.

Зерттеу барысында өлім қаупінің 20-39 жастағыларда 14%-ға, ал 40-64 жастағыларда 10%-ға, 65-84 жастағыларда 8% -ға өскені байқалды.

Әйел адамдардың ерлерге қарағанда баяу қартаятыны да анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741654-mir-sruge-kansa-uakyt-kalganyn-bolzap-beretin-kan-taldauy-zasaldy/

pixel