Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай балаға шабуылдаған жолбарыс жұртты шошытты (видео)

Опубликовано:

АҚШ-тағы Луизианалық университеттің хайуанаттар бағында қызықты оқиға орын алды. Жыртқыш аң ойнап отырған кішкентай балаға шабуылдай жаздады. Алайда жолбарыс өзінің қамауда екенін ұмытып кетсе керек деп жазады news.tut.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Valet.ru
Фото: Valet.ru: UGC

Хайуанаттар бағында өзімен-өзі ойнап отырған балақай өзіне шабуылдаған жолбарысты елемеген де. Оқиға орнынан түсірілген видео интернет желісіне таралып мыңдаған қаралым жинап үлгерді.

Көпшілік жыртқышты назарына алмаған балақайға тәнті болса, кейбір оқырмандар жолбарыстың әрекетінен шошып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1744018-kiskentaj-balaga-sabuyldagan-zolbarys-zrtty-sosytty-video/