Жыныстық қатынасқа арналған ерекше көрпе ойлап табылды (фото)
Опубликовано:
АҚШ-та жыныстық қатынас кезінде мүлде былғанбайтын ерекше көрпе ойлап табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы vistanews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрпеге Liberator Fascinator Throe деген атау берген өнертапқыш Дэн Сэйвэдж оның артықшылықтарын тізбектеді. Атап айтқанда, су жаңа көрпе төсекті жыныстық қатынас кезінде бөлінетін шәуетке былғанудан қорғайды екен.

Тіпті романтикалық кеште көрпеге ішімдік төгіп алсаңыз да, төсегіңіз құрғақ күйде қалады. Барқытқа ұқсайтын арнайы мата көрпені су өткізбейтіндей ететін болып шықты.

Көрпенің ең кішкентайы 55 доллар тұрса, ең үлкені 179 долларға дейін барады.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1744037-zynystyk-katynaska-arnalgan-erekse-krpe-ojlap-tabyldy-foto/