Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам үшін ең қауіпті бес жаман әдет анықталды

Опубликовано:

Ғалымдар адам денсаулығы үшін ең қауіпті бес жаман әдетті анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы vistanews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дұрыс тамақтанбау. Көрнекі фото: Yellmed
Дұрыс тамақтанбау. Көрнекі фото: Yellmed: UGC

Бір қызығы бұл тізімде спирттік ішімдіктер мен есірткі жоқ. Тізімде көшті жалғыздық бастаған. Психология профессоры Джулиан Холт-Лунстадтың пікірінше, жалғыздық адам денсаулығына күніне 15 қорап шылым шегуге тең зиян келтіреді.

Бір орында ұзақ қозғалыссыз отыру да жаман әдетке жатқызылды. Жұмыста тапжылмай бір орында отыратындар тоқ ішектің немесе өкпенің қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.

Үшінші орынға ұйқының қанбауы жайғасты. Бұл жүрек ауруларына, тіпті инсульт пен инфарктқа әкеліп соқтыруы ғажап емес.

Жасанды күнге күю де жақсы әдет болмай шықты. Ультрафиолет жарығын жиі қолдану терінің қатерлі дертке шалдығуына әкеліп соқтырады. Тізімді дұрыс тамақтанбау тұйықтады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1744107-adam-sin-e-kauipti-bes-zaman-det-anyktaldy/