Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кірпік жалғамақ болған әйел көзінен айырылып қала жаздады

Опубликовано:

Таиландта кірпік жалғамақ болған ару көздерінен айырылып қала жаздады деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Пхукет қаласының тұрғыны Беньяпа Супап кірпік жалғау үшін белгісіз сән салонына барған. Бұл салонның шебері кірпік жабыстыратын желімнің орнына тез құрғайтын әмбебап желім пайдаланыпты.

Қыздың қабағы бірнеше секундта-ақ ісіп кеткен. Соған қарамастан, косметолог қыздан өз жұмысы үшін бір жарым бат (16 мың теңге) талап етіпті. Ол біраз уақыттан соң ғана төлемді 500 батқа (5000 теңге) қысқартқан көрінеді.

Желімді алып тастау үшін ару басқа салонға баруға мәжбүр болған. Бір сағатқа созылған емдік шарадан соң ол барлық кірпіктерінен айырылып қалыпты.

Келіншек жағдайды полицияға айтқан екен. Алайда тәртіп сақшылары еш көмек көрсете алмайтынын жеткізіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1747403-kirpik-zalgamak-bolgan-jel-kzinen-ajyrylyp-kala-zazdady/