Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай баланың кейпінде қалып қойған ересек азамат мұңын шақты

Опубликовано:

Польшадағы Олесница қаласының тұрғыны аса сирек кездесетін Фабри атты ауруға шалдыққан. Дерт салдарынан жасы 25-тегі ер адам он екі жасар кішкентай бала іспетті болып қалған деп жазады oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Томаш Надольский аса ауыр дертке шалдыққандықтан сан түрлі дәрі-дәрмек пайдаланып, тәулігіне 20 сағат бойы системада жатуға мәжбүр.

Ол бала кезінен бері аурушаң келген. Алайда, 25 жасына дейін ешкім оның сирек ауруға шалдыққанын ойламаған. Фабри ауруын дәрігерлер одан жақын арада ғана анықтады.

Бұл дерт майдың ерекше түрін өндіріп шығарумен айналысатын ферменттің тапшылығынан туындайды. Нәтижесінде май қан түтікшелерінде тұрып алып, ағза мүшелерінің дұрыс жетілуіне кедергі келтіреді.

Томаштың тым жас болып көрінуінің себебі де сол. 12 жасар бала іспетті ер жігіт үнемі ыңғайсыз жағдайға қалып қояды. Көпшілік оның шынайы жасын білгенде мүлде сенімсіздікпен қарайтын көрінеді.

Науқастың туыстарымен қарым-қатынасы бұзылып кеткен. Ол үнемі өзіне балаға сияқты қарайтын отбасы мүшелерімен араласқысы да келмей қалған.

Дәрігерлер Фабри ауруының жүйке жүйесіне де елеулі түрде әсер ететінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1747586-kiskentaj-balany-kejpinde-kalyp-kojgan-eresek-azamat-myn-sakty/