Тірі "бас сүйекке" айналғысы келген жігіт өзінің құлағы мен мұрнын кесіп тастады (фото)
Опубликовано:
Колумбияда 22 жастағы Эрик Айнер есімді жігіт тірі "бас сүйекке" айналу үшін өзінің құлағы мен мұрнын кесіп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап жазады.

Тату салумен шұғылданатын азамат мұрны мен құлағын анасының қазасынан кейін кесіп тастағанын алға тартты.

Одан бөлек Эрик тілін екіге кесіп, оны сұр түске бояйды.

Жігіттің бұл әрекетін сынайтындар да, мақтауын жаудырғандар да табылды.

"Мен үшін бас сүйек әпкем секілді, отбасымның бір мүшесі... Менің ақыл-есім орнында, тек көпшіліктен ерекше жанымын", - дейді ол.









Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750089-tiri-bas-sjekke-ajnalgysy-kelgen-zigit-zini-klagy-men-mrnyn-kesip-tastady-foto/