Еңсесін түсірмейтін аяғы жоқ қыз адам сенгісіз биіктерді бағындырды
Жарияланған күні:
Қытайлық қыз Цянь Хонгян екі аяғының жоқтығына қарамастан, спортта адам сенгісіз биіктерді бағындырып, чемпион атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт жасында Цянь жол апатына түсіп, екі аяғынан айырылады. Жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз баланың өзіне протез сатып алуға мүмкіндігі болмаған.
"Оянғанымда аяғым қатты тоңғанын сездім. Анамнан аяқ киім кигізуін сұрағанымда, ол еңіреп жылап жіберді. Сол кезде өмір бойы аяқ киім кие алмайтынымды түсіндім", - дейді Цянь.
Қыз баланың атасы допты кесіп, протездің орнына доптың жарты бөлігін қыздың денесіне жалғап береді.
Доппен жүруге мәжбүр болған қыздың суреті әлемдік БАҚ-тың назарына ілігіп, үкімет оған көмек көрсеткен.
Алайда биліктің көмегі келіп жеткенше Цянь мектепке бару үшін бес жыл бойы сегіз допты тоздырады.
2007 жылы протезге қолы жеткен балақай жүзуші болуға бел буып, паралимпиадаға қатыса бастайды.
Күніне 10 000 метр жүзетін Цянь Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға жолдама алып, үздік он спортшының қатарынан табылған.
Енді Цянь 2020 жылы Токиодаға жарыста күшін сынамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750616-esesin-tsirmejtin-aagy-zok-kyz-adam-sengisiz-biikterdi-bagyndyrdy/