Ким Кардашьянға ұқсау үшін өмірін қатерге тіккен ару дәрігерлерді шошытты
Опубликовано:
24 жастағы Дженнифер Памплона Ким Кардашьянға ұқсау үшін пластикалық отаға талай рет жүгінген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төнетінін ескерткенімен, бойжеткен ота жасатауын доғарар емес. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы interesnoznat.com сайтына сілтеме жасап жазады.

18 жасынан бастап төсі мен әуретті жерін үлкейткен Дженнифер тағы да бірнеше пластикалық ота жасатыпты.

"Дәрігерлер "осыншама отадан кейін өліп кетуден қорықпайсың ба" деп сұрады. Тіпті өліп кетсем де, бақытты әрі сұлу болып өмірмен қош айтысамын", - дейді Дженнифер.

Бойжеткен әлі бірнеше ота жасатуды жоспарлап отырғанын да жасырмады.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750641-slu-bolu-sin-mirin-katerge-tikken-aru-drigerlerdi-sosytty/