Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кір аяқ киімді киген балақай өмірмен қош айтыса жаздады

Опубликовано:

Ұлыбританиядағы Аберфан қаласының тұрғыны жаңа аяқ киімді киіп көрмек болып қауіпті ауруға шалдығып қалған. Төрт жасар қыз жаңа киім сатып алмақ болып ауруханаға жатып қалды деп жазады NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Базардан кейін ертесіне Сиенна Расулдың аяғы қатты ауырып, анасы оны бірден ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер аяқта орын алған іріңді анықтаса да, балақайды үйіне жібере салған.

Келесі күні Сиеннаның ыстығы көтеріліп, ол тағы да емханаға түсіп қалды. Алайда, бұл жолы мамандар қыз баладан қанның зақымдануын анықтаған.

Белгілі болғандай, инфекция дүкенде аяқ киім киіп жатқан кезде бүлдіршіннің аяғындағы жарасына еніп кеткен.

Дәрігерлер ота жасау қаупі бар екенін айтқанымен, артынан операциясыз-ақ емдеу шараларын іске асыруға болатынын жеткізген.

Сиенна бес күн бойы дәрігерлердің жіті қадағалауында бес күн бойы жатқан.

"Аяқ киім киюден осылайша ауыр дертке шалдығуға болады деп ойламағанмын", - деді қыздың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750714-kir-aak-kiimdi-kigen-balakaj-mirmen-kos-ajtysa-zazdady/

pixel