Кәуаптың шанышқысы басына қадалған балақай ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

АҚШ-тың Миссури штатында 10 жасар бүлдіршін ағаштан құлап, кәуаптың шанышқысына құлаған. Салдарынан шанышқы бүлдіршіннің басып тесіп өткен деп жазады bbc.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bbc.com
Фото: bbc.com: UGC

Балақай ағаш басындағы жәшікке шығып, араларға тап болған. Олардан қашамын деген жеткіншек, жерге құлап, кәуаптың шанышқысына басын тығып алған. Ғажайыптың күшімен, бала дін аман қалған. Дәрігерлер шанышқы мидың еш жерін зақымдамаған дейді.

Қазір бала ауруханадағы дәрігерлердің бақылауында болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1752582-kuapty-sanyskysy-basyna-kadalgan-balakaj-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/