"50 жас кіші": Әкесімен жасты танымал бай-бағландармен көңіл қосқан арулар кімдер?
Опубликовано:
Бүгінгі күні ауқатты отбасының келіні атану әрбір қыздың арманы болып кеткені құпия емес. Ал кейбір арулар тасыған байлықта өмір сүру үшін сүйіктісін отбасын тастап кетуге де мәжбүрлеуден тайынбайды. Өз әкесімен емес, тіпті атасымен жасты ер адамға тұрмысқа шығу олар үшін қиындық туғызбайды. Бастысы ол қалталы кәсіпкер болса болғаны деп жазады anews.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауқатты бай-бағландармен көңіл қосып, араларындағы аса үлкен жас айырмашылығына көз жұмған арулардың топтамасын оқырман назарына ұсынамыз.
Михаил Абызов және Валентина Григорьева
(46 жас - 28 жас)

Ресейлік ашық саясаттың бұрынғы министрі Михаил Абызов 2016 жылы заңды әйелінен ажырасып, Валентина есімді стюардессамен көңіл жарастырған. Анықталғандай, ару танымал Катя Григорьева атты модельдің туған сіңлісі болып шықты. Араларындағы сезінерлік жас айырмашылық ғашықтарға кедергі келтірмесе керек.







Андрей Луговой және Ксения Луговая
(52 жас - 29 жас)

Жас айырмашылықтары 23 жас болған бұл жұп биыл заңды некеде тұрғандарына 6 жыл толмақ. Ресейлік депутатқа тұрмысқа шыққан ару даяшыдан танымал әншіге брі-ақ айналып шыққан.




Владимир Кожин мен Олеся Кожина
(59 жас - 29 жас)

2018 жылға дейін Путиннің көмекшісі болған саясаткер бүгінде сенатор болғалы жатыр. Өзінің лауазымды шенінің арқасында ол 2014 жылы өзінен 30 жас кіші айдай сұлу арудың жүрегін жаулай алды. Сұлулық сайысында көзіне түскен Олесының қыр-соңынан қалмай қойған ер адам, ақыры оны өзінің заңды әйелі еткен.




Сергей Миронов және Ольга Радиевская
(65 жас - 34 жас )

Ресейлік саяси партия басшысының әйелі өзі іспеттес арулардан басты айырмашылығы, ол ешқандай сұлулық байқауларда бой көрсетпеген. Ол қарапайым отбасыдан шыққан. Өз сүйіктісімен ол шынайы сезім жүзінде қосылғанын айтуда.


Мишел және Марсела Темер
(78 жас - 35 жас)

Бразилияның бұрынғы президенті өзінен 43 жас кіші аруға құлай ғашық болып, ақыры бойжеткеннің көңілін тапқан. Әйгілі шенеуіктің қарындасы 2002 жылғы елбасының заңды әйелі атанды.


Сильвио Берлускони және Франческа Паскале
(82 жас - 33 жас)

Италияның бұрынғы премьер министрі өзінен 49 жас кіші аруға үйленген. Франческа жас айырмашылығына қарамастан белгілі саясаткерге 17 жасында ғашық болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753034-50-zas-kisi-kesimen-zasty-tanymal-baj-baglandarmen-kil-koskan-arular-kimder/