Жүз бас мал қырылған: Жүк көлігі бір отар қойды басып өте шықты
Опубликовано:
Қырғызстанда бес жүз қойы бар отарға жүк көлігі тап болып, жүзден астам ұсақ малды таптап кетті деп жазады Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға Қырғызстанның Нарын облысында болған. Оқиға орнында 97 қой қырылған.
Басылымның мәліметінше, шопан 500 қойды Арпа ауданынан Ат-Башы елдімекеніне айдамақ болған екен. Алайда жолда бір отар қойға жүк өлігі тап болып, 100-ге жуық қойды таптап кеткен.
Қазіргі таңда құзырлы органдар іс қозғаған. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта шопандарға түнгі уақытта мал айдау ережелерімен тағы бір мәрте таныстырмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753161-zz-bas-mal-kyrylgan-zk-kligi-bir-otar-kojdy-basyp-te-sykty/