Мінсіз мүсінді сымбатты жігіттің 50 жаста екенін білгендер өз көздеріне сенбеді
Опубликовано:
Желіде тараған мінсіз мүсінді жігіттің суреттері көпшілікті таң қалдырды. Өзінің 51 жасында жап-жас көрінетін азаматқа барлығы таңдай қақты. Оның суреті Instagram желісінде @show_rus парақшасында да жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Чуандо Тан адам келбетінің 70 пайызы тағам арқылы өзгерсе, 30 пайыз ғана жаттығу әсері болады деп есептейді.

Сол үшін күнде таңғы ас тізіміне алты жұмыртқа мен бір стақан сүт және жидек қосылған авакадоны қосады.

Одан бөлек азамат күріш қосылған тауық еті мен көкөніс, сондай-ақ, балық сорпасын ішеді екен.

Тан аптасына төрт рет жаттығу залына барып, күніге дене жаттығуларына 90 минут жұмсайтынын айтады.


Ол ешқашан пластикалық ота жасатпапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753173-minsiz-msindi-symbatty-zigitti-50-zasta-ekenin-bilgender-z-kzderine-senbedi/