Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәулік бойы белін тартып жүретін әйел туралы не білеміз?

Опубликовано:

АҚШ-тың Орегон штатының тұрғыны Сара Вает осыдан алты жыл бұрын өз сымбатын түзеймін деп корсет сатып алады. Алғашында оны тік жүру үшін ғана киген әйел кейінірек өзінің сұлуланып жатқанын байқап, оны шешпейтін болған. Бұл туралы Lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Сараға өзінің дене сымбаты ешқашан ұнамаған екен. Алғашында оның белі 66 сантиметр болыпты. Бірақ ол кезде корсетпен күніне бір сағаттан артық жүре алмайтынмын дейді әйел.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Уақыт өте келе Сара жүрісі түзеліп қана қоймай, корсеттің әсерінен белі де жіңішкеріп жатқанын байқайды. Өмір бойы өзіне көңілі толмаған ол біртіндеп сымбатына қызыға бастайды.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Осыдан кейін Сара өзінің денесін құм сағатына ұқсатқысы келіп, бірнеше өлшемге кіші корсеттер киетін болған. Тіпті оны күніне 20 сағатқа дейін шешпей, кейде тәулік бойы сонымен жүретін күйге жеткен.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Сара Ваеттің корсетпен жүруге үйреніп кеткені соншалық, ол күнделікті үй шаруасымен айналысып, қызын ойнатқанда, тіпті ұйықтағанда да корсетпен жүре береді екен.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

2012 жылдан бері Сара өзінің белін 20 сантимертрге жіңішке еткен. 42 жастағы әйел оны өмір бойы киюге дайын екенін айтады.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753827-tulik-bojy-belin-tartyp-zretin-jel-turaly-ne-bilemiz/