Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылқысын таппай қалған әжей үш метрлік қолтырауынды атып тастады (фото)

Опубликовано:

Техастың қарт тұрғыны ұзындығы үш метр болатын алып қолтырауынды атып алған деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: USA Today
Фото: USA Today: UGC

Әжейдің осыдан біраз уақыт бұрын пониі жоғалып кетіпті. Сүйікті жануарының ең болмаса қалдығын таппаған қарт "оны қолтырауын жеп қойған" деп тұжырымдаған.

Джуд Кокхран бірнеше жыл бойы бауырымен жорғалаушыларды аңдуға көшеді. Өткен аптада ұзындығы үш метрден асқан қолтырауынды байқап қалған.

"Жануарының өліміне сепебкер болды" деп шешім шығарған әжей әлгі бауырымен жорғалаушыға тор құрып, бір оқпен жайратып салған.

Фото: USA Today
Фото: USA Today: UGC

Қария енді қолтырауынның етін ас ретінде пайдаланбақ. Ал терісінен аяқ киім тіктірсе, оның басын жұмыс бөлмесіне іліп қоюды жөн деп тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753885-zylkysyn-tappaj-kalgan-zej-s-metrlik-koltyrauyndy-atyp-tastady-foto/

pixel