Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамға ғашық болу үшін қанша уақыт керек?

Опубликовано:

Ғалымдар бір көргеннен адамға ғашық болу үшін, қанша уақыт кететінін анықтады. Олардың пайымдауынша, адамды бір көргеннен құлай сүю үшін, 59 миллисекунд жеткілікті екен деп жазады DailyMail-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: BipBap.ru
Көрнекі фото: BipBap.ru: UGC

Германияның Бамберг университетінің ғалымдары адамға ғашық болу үшін бір секундтың үштен бірі жетеді деген болжам айтқан.

Нейробиология профессоры Клаус-Кристиан Карбонның айтуынша, адамға ғашық болу үшін, бірнеше секунд жеткілікті екен.

Ол адамдар жынысын білу үшін, 244 миллисекунд кетіретінін айтқан. Ал ғашық болу үшін бар-жоғы 59 миллисекунд жеткілікті екенін жеткізген.

"Қызық болса да айтайын, бірақ адамдар көбінесе сүйкімді, түр-келбеті әдемі жандарға тез ғашық болады екен. Жалпы тартымды адамдар өзіне тез назар аудартып қана қоймай, өзге жанды өзіне тез ғашық ете алады", - дейді ғалым.

Мамандар зерттеу мақсатында танысу желілері мен қосымшаларын пайдаланған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1754413-adamga-gasyk-bolu-sin-kansa-uakyt-kerek/