Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің опасыздығына куә болған ару некелесе салып, ажырасып кетті

Опубликовано:

Австралиялық жұп ажырасу жылдамдығы бойынша рекорд орнатты. Олар некелесу рәсімінде қол қоя сала, қайта айырылысуға өтініш берген деп хабарлайды novostey.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: BAKU.WS
Көрнекі фото: BAKU.WS: UGC

Ажырасуға бірінші болып арыз берген қалыңдық екен. Себебі ол салтанатты рәсім аяқтала салысымен, күйеуінің опасыздығына куә болған.

Той басталғаннан кейін 27 жастағы күйеужігіт жұрт көзіне көрінбей қалады. Оны іздеуге шыққан қалыңдықтың әкесі күйеу баласын асүйде даяшымен бірге көреді.

Алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған азамат өз тойында бөтен бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түскен көрінеді.

Осыдан кейін тойдағы қонақтардың барлығы үйлеріне қайтып, қалыңдық арыз жазу үшін сотқа жүгірген.

Нәтижесінде жас отбасы шаңырақ көтере салысымен, қайта айырылысып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1754514-kjeuini-opasyzdygyna-ku-bolgan-aru-nekelese-salyp-azyrasyp-ketti/

pixel