Той көйлегін цементтің қаптарынан тіккен қыз желіде жұлдыз болды (фото)
Опубликовано:
Қытайдың Луннань қаласында тұратын бойжеткен өзінің ерекше той көйлегінің арқасында желіде танымал болды. Ол тойға арналған ақ көйлекті 40 цементтің қабынан тіккен деп хабарлайды Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тань Лилидің қаптардан тігілеген көйлегі қытайлық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, желідегілер оны "цемент ханшайымы" деп атап кеткен.
Ал қытайлық әйелдің сөзінше, оған қаптан көйлек тігуге жаңбыр сепебкер болған екен. Жауынды күні жұмысқа барғысы келмеген 28 жастағы ару үйде қалады, іші пысқан бойжеткен жақында жөндеу жұмыстарынан қалған бос қаптардан көйлек тігіуді ойластырады.
Бойжеткен бұған дейін қағаздан, шөптен, гүлден және тағы сол сияқты ерекше заттардан киім тігіп үйреніп қалған соң, бұл көйлекті тігу оған аса қиындық тудырмаған.
Орта мектепті 18 жасында бітірген содан бері отбасылық фермасында жұмыс істеп келеді. 2012 жылы тұрмыс құрған арудын бір қызы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1754905-toj-kjlegin-cementti-kaptarynan-tikken-kyz-zelide-zldyz-boldy-foto/