Ресейлік бапкердің құлағы естімейтін қызы сұлулығымен таңғалдырды
Опубликовано:
Атақты ресейлік бапкер Этери Тутберидзенің қызы Диана Дэвис мәнерлеп сырғанаудың жаңа жұлдызы болуы мүмкін. Ол құлағы естімейтініне қарамастан, спортта жақсы жетістіктер көрсетіп келеді. Бұл туралы woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабаралайды.

15 жастағы Диана мәнерлеп сырғанаумен бала кезінен айналысады.

Сәби шағында дәрігерлер оған саңырау диагнозын қойған.

Арудың айтуынша, денсаулығындағы кемістік оның күнделікті өмірінде ешқандай қиындық туғызбайды. Алайда спорт жолында ол айтарлықтай кедергі келтіріп жүрген көрінеді.

Осылайша Тутберидзе қызын жалғыз сырғанаудан мұз айдынындағы жұптық билеуге ауыстырған.

Бүгінде Диана Дэвис Глеб Смолкинмен бірге билейді.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1755280-resejlik-bapkerdi-klagy-estimejtin-kyzy-slulygymen-tagaldyrdy/