Достары маймылға теңеген ару тұрмысқа шыққан соң адам танымастай өзгеріп кетті
Опубликовано:
Бангкок қаласының тұрғыны Супатр Сасупфан сирек кездесетін Амбрас синдромымен ауырады. Бұл сырқат әлемдегі 50 адамда ғана бар болып шыққан. Ару 2010 жылы "әлемдегі ең түкті ару" ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген деп жазады NUR.KZ

Бұрын Сасупфан лазерлік қызметке жүгінсе де, бетіндегі түктерімен күресе алмаған еді. Оны барлығы құбыжыққа теңеп, келемеждей берген.

Бойжеткен өзін басқалардан ерекшемін деп ойламайтынын да жеткізді.



"Мен өзімді басқалардан өзгешемін деп ойламаймын. Мектепте достарым көп. Алайда қалың түктерім мені басқаша етіп көрсетеді. Бұрын бәрі мені маймылға теңейтін, қазір олай айтпайды. Мен өзімнің түрім мен түгіме үйреніп қалдым. Қазір оны мүлде байқамаймын. Әрине, кейде олар өсіп, көзіңді жауып қояды. Мен күндердің күнінде емделемін деп ойлаймын", - дейді Сасупфан.

Өмірлік серігін Сасупфан 17 жасында жолықтырған. Олар арада бірнеше уақыт өткен соң заңды түрде үйленіпті. Әлеуметтік желіде ару сүйіктісін бақытына теңеген екен.

Ал отбасылы болғаннан кейін бойжеткен сүйіктісі үшін бетіндегі түктерін қайта қыра бастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1755798-dostary-majmylga-teegen-aru-trmyska-sykkan-so-adam-tanymastaj-zgerip-ketti/