Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басына шеге кіргенін байқамаған жұмысшы дәрігерлерді таңғалдырды

Опубликовано:

Қытайдың Хубэй провинциясындағы цемент зауытындағы жұмысшының басынан шеге анықталды деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

radiomed.ru
Көрнекі фото: radiomed.ru: UGC

Жұмысшының бір апта бойы басы ауырған. 5 қазан күні ол шыдамай дәрігерге барыпты.

Науқастың қан қысымы мен басқа да көрсеткіштері қалыпты деңгейде екені анықталған.

Алайда компьютерлік томография басында 48 миллиметрлік шеге тұрғанын көрсеткен.

Ең қызығы, жұмысшы шегенің басына қалай кіргенін білмейтін болып шықты.

"Басыма шеге қалай кіргенін білмеймін. Мен фабрикадағы бейнебақылау камераларын қадағалап отырамын. Шегемен жұмыс істемеймін", - деді таңғалған жұмысшы.

Дәрігерлер науқасты Ухань қаласына жіберген. Онда оған ота жасалып, басындағы шеге алынады.

Айта кетер болсақ, 2017 жылы АҚШ-та жүрегіне кездейсоқ шеге қағып алған азамат жайында хабар тараған еді. Ол жүрегіне шеге қағып, одан кейін өз көлігіне отырып, ауруханаға өзі барған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757150-basyna-sege-kirgenin-bajkamagan-zmyssy-drigerlerdi-tagaldyrdy/

pixel