Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда өз-өзіне қол жұмсауды азайту үшін министр тағайындалды

Опубликовано:

Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй Лондонда өтіп жатқан психикалық күй бойынша бірінші әлемдік саммитте елдегі өз-өзіне қол жұмсау фактілерін азайту үшін арнайы министр тағайындады. Бұл туралы Oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: oxu.az
Көрнекі фото: oxu.az: UGC

Ұлыбританияда жыл сайын 4500 адам өз өмірін өлімге қияды екен.

Осыған орай, Мэй жаңа министр Джеки Дойл-Прайсты мемлекеттегі жантүршігерлік көрсеткішті төмендетуге атсалысады деп сенім білдірді.

Ол үшін тіпті ел қорынан арнайы қаражат та қарастырды.

Енді Ұлыбританияда психикалық күйі түсіп, өмірмен қоштасқысы келетіндерге көмек көрсететін орталық іске қосылады. Әзірге жаңа министр жұмысы төрт жылға жоспарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757222-lybritaniada-z-zine-kol-zmsaudy-azajtu-sin-ministr-tagajyndaldy/

pixel