"Қашан тұрмысқа шығасың" деген сөзден шаршаған қыз өз өзіне күйеуге шықты (фото)
Опубликовано:
Уганда елінің тумасы 32 жастағы Лулу Джемима туыстарының "тұрмысқа шық" деген кеңестерінен әбден шаршап, өз өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүр болған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауқатты отбасынан шыққан бойжеткен Сидней қаласындағы Маккуори университетінде бакалавр дәрежесін алған. Одан кейін ол Ұлыбританиядағы Оксфорд университетіне магистратураға түскен. Алайда, бойжеткеннің отбасы оның білімге деген құштарлығын құптамаған.
"Туған-туысқандарым үнемі "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрайтын. Угандада бұл өте маңызды. Онымен қоймай, "Қашан бала туасың?" деп есімді шығаратын", - деді Лулу.
Қызын тұрмысқа шығаруға асыққан әкесі Лулу 16 жасқа толғанда-ақ тойға тілек жазып, дайындап қойған екен.
Мұндай қыспақтан құтылу үшін Лулу досының шарапханасында кішігірім неке тойының салтанатын ұйымдастырған.
Достарын шақырған Лулу салтанатты рәсімге неке көйлегін киіп кірген. Достарының алдында "өзін-өзі сүюге, өзіне адал болуға" салтанатты түрде ант берген.

Лулудың ата-анасы бұл рәсімге қатыспаған, алайда бұл жайында естіген кезде анасы неке көйлегін киюінің өзі оның тұрмыс құруға әзір екендігін білдіретінін айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757439-kasan-trmyska-sygasy-degen-szden-sarsagan-kyz-z-zine-kjeuge-sykty-foto/