Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

98 жастағы әже 80 жастағы баласына қамқор болу үшін қарттар үйіне көшіп барды (фото)

Опубликовано:

Ұлыбританияның Хайтон қаласында 98 жастағы Ада Китинг Мосс Вью қарттар үйіне көшіп барған. Себебі оның 80 жастағы баласы Том Китинг анасын көрмесе қиналады екен. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Том өмір бойы анасының жанынан шықпай, тіпті үйленбей де қалған көрінеді.

"Әр түн сайын ұлыма қайырлы түн тілеп, таңертең өзім оятатынмын", - дейді Ада Китинг.
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Осыдан бір жыл бұрын Томға қосымша күтім қажет болғандықтан, оны қарттар үйіне орналастырған. Ал қарт әйел ұлына күнде баруға қиналып, оның жанына өзі де көшіп барады.

"Бұл жерде бізге өте жақсы қарайды. Мен анамды күн сайын көре алатыным үшін сондай бақыттымын", - дейді Том Китинг.

80 жасқа келсе де анасынан ажырай алмайтын зейнеткер өмірін онсыз елестете алмайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757942-98-zastagy-ze-80-zastagy-balasyna-kamkor-bolu-sin-karttar-jine-ksip-bardy-foto/

pixel