Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биылғы қыс қандай болмақ?

Опубликовано:

Биылғы жылы қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын "Қазгидромет" орталығының басшысы Марина Шмидт айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Фото:thetoc.gr
Фото:thetoc.gr: UGC

Маманның айтуынша, қараша айында аязды және жылы күндер алма-кезек ауысып отырады.

Сонымен қатар, ауа райы жауын-шашынды болады деп күтілуде. Қатты жел соғып, түнде және күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжам жасалған. 

"Қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерінің ортасында аяз кәдімгідей сезіледі. Республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде 10…20 градусқа дейін, күндіз 5…10 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде 5…10 градусқа, күндіз 0…5 градусқа дейін түседі", — деп мәлімдеді Шмидт. 

Ол ұзақ мерзімді консультативтік болжамға сәйкес (дәлдігі 55-60% пайыз) биыл қыс Қазақстанда суық болатынын атап өтті. Жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес күтіледі.

Желтоқсан айында суық антициклонның жиі енуіне орай ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1°С төмен болады және қар аз жаууы мүмкін.

Тек еліміздің батысы мен шығысында температуралық фон нормаға жуық болады. солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік облыстарының кей жерлерінде, сонымен қатар, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында жауатын қардың мөлшері нормаға жуықтайды. 

Қаңтар айында ел аумағындағы ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді. Қазақстанның басым бөлігінде қар аз жауып, аяз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1758010-kazakstanda-biylgy-kys-kandaj-bolmak/

pixel