RU

Париждегі әйгілі "Ғашықтар қабырғасында" қазақша жазба пайда болды

Париждің басты көрнекіліктерінің бірі "Ғашықтар қабырғасында" қазақ тіліндегі "Мен сені сүйемін" жазбасы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

ainelkaiblog.wordpress.com
Көрнекі фото:ainelkaiblog.wordpress.com: UGC

"Мен сені сүйемін" деген сөздер 311 тілде жазылған жазбалар арасында тұр. Дегенмен ол оңай оқылады және көрінетін жерде орналасқан.

Қазақ тіліндегі жазу қабырғаның ортаңғы бөлігінің жоғарғы жағында жазылған. Басқа жазбаларға қарағанда көп орын алып тұр.

ruinformer.com
Фото:http:ruinformer.com: UGC
"Ғашықтар қабырғасын" 2000 жылы тарих бойынша өнер орталығы болып табылатын Монмартр дөңінде суретші Клэр Кито мен каллиграф Федерик Барон ойлап тауып, жүзеге асырған.

Бұл жерде Ренуар, Ван Гог, Пикасссо және тағы басқа ұлы суретшілер өмір сүрген.

Сонымен қатар, бүкіл әлемге танымал Мулен Руж кабаресі мен Сакре-Кер шіркеуі де осы Монмартрда орналасқан. Сондықтан, бұл жерге келген туристердің барлығы "Ғашықтар қабырғасына" аялдамай кетпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1758012-parizdegi-jgili-gasyktar-kabyrgasynda-kazaksa-zazba-pajda-boldy/